БОЛАТТАН, МЕТАЛДАН ЖАСАЛҒАН ШАРШЫ

Болаттан жасалған шаршыны компаниямыздың Алматы, Ақтау және Атырау қалаларындағы қоймаларынан және интернет-дүкенімізден жеткізіліммен сатып ала аласыздар. Болаттан жасалған шаршыны және металл прокатын жеткізу темір жол және автомобиль көлігімен жүзеге асырылады. Біздің сайтымызда танысуға болатын металдан жасалған шаршылардың мол ассортиментінен таңдау жасаңыздар, сондай-ақ Сіздер Алматы қаласы мен облыс бойынша жеткізілетін шаршыны көтерме және бөлшек бағамен арзанға сатып ала аласыздар, бар болғаны өздеріңізге қажетті позицияларды себетке қосып, біздің менеджерлерімізге өтінім жолдаңыздар немесе, шаршының қажетті диаметрін таңдай және санын көрсете отырып, өтінім жолдауларыңызға немесе интернет-дүкеніміз арқылы төлеулеріңізге болады, сондай-ақ Сіздер алғытөлем енгізіп, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларындағы қоймаларда қажетті көлемді брондауларыңызға болады.

квадрат стальной

Болаттан жасалған, ыстықтай илемделген, шаршы пішінді прокат

Болатты прокаттау орнақтарында прокаттау барысында алынатын, шаршы қималы сұрыптық прокат түрі. Шаршы кейіннен сұрыптық және фасондық прокаттың басқа түрлеріне (бұрыштық, швеллер, рельс, арқалық және т.б.) қайта өңдеу үшін әзірлеме ретінде, сондай-ақ машиналардың әр түрлі бөлшектерін дайындауда қолданылады. Бұдан басқа, металдан жасалған шаршы құрылыста, құймалы қоршаулар мен шарбақтарды жасауда кеңінен қолданылады. Болаттан жасалған ыстықтай илемделген шаршы көміртекті болаттан жасалады, оның өндірісі МемСТ 2591-88 сәйкес келеді. Бүйірлерінің өлшемі 6-200 мм шаршы болат шыбықтар түрінде, 5 мм-ге дейін орамдармен шығарылады.

Форма заявки

Для получения индивидуального коммерческое предложения заполните форму



Калибрленген шаршы

Жоғары дәлдіктегі шаршы: кәдімгі сападағы төмен қоспаланған көміртекті болаттан жасалады және кейіннен жоғары дәлдіктегі металл бұйымдарын жасау үшін қолданылады. Өндірілуі және қолданылуы: Шаршы қарапайым, сұрыптық металл прокатына жатады. Бұл – ішінде қуыс кеңістігі жоқ, тең қабырғалы төрт бұрышты қималы, металдан жасалған тұтас профиль. МемСТ 2591-88 сәйкес, бұл металл бұйымы бүйірлерінің 6 мм-ден 200 мм-ге дейінгі өлшемімен жасалады. Тапсырыс берушінің талабы бойынша өндіруші кәсіпорын бүйірлерінің өлшемі 200 мм-ден асатын шаршыларды жасай алады. Бұл стандартқа сәйкес, ұзындық 2 м-ден 6 м-ге дейін өзгеріп отырады. Болаттан жасалған шаршы өлшемді немесе өлшемсіз ұзындықтағы шыбықтар түрінде жасалуы мүмкін. Өндіруші кәсіпорынның тұтынушымен келісімі бойынша 14 мм-ге дейінгі прокат орамдармен дайындалады. 3 мм-ден 100 мм-ге дейінгі қимада калибрленген шаршы МемСТ 8559-75 бойынша өндіріледі. Калибрленген болат шаршы 5 мм-ден астам өлшемде – шыбықтармен, 5 мм-ден аз өлшемде орамдармен дайындалады.

Болат шаршының жіктелуі

Ыстықтай илемделген шаршыны прокаттың дәлдік сипаттамасына сәйкес дайындайды. «Б» әріптік белгілеуі бар прокаттың дәлдігі жоғары. «В» әрпімен белгіленген болат шаршының прокаты кәдімгі дәлдікте болады. Дайындау технологиясы бойынша шаршылар: - Ыстықтай илемделген шаршы; - Суықтай илемделген шаршы болып бөлінеді. Шаршы қималы прокатты дайындау үшін әр түрлі маркалар мен сұрыптардағы болат, атап айтқанда, қарапайым ст0, ст1, ст2, ст3 болаты, сондай-ақ конструкциялық ст20, ст35, ст40Х, ст45, 65г, 10хснд, 30хгса болаты және басқа да маркалар қолданылады.