ПІШІНДІ ТӨСЕНІШ

Пішінді төсенішті компаниямыздың Алматы, Ақтау және Атырау қалаларындағы қоймаларынан және металл прокаты интернет-дүкенімізден жеткізіліммен сатып ала аласыздар. Пішінді төсенішті және металл прокатын жеткізу темір жол және автомобиль көлігімен жүзеге асырылады. Біздің сайтымызда танысуға болатын пішінді төсеніштің мол ассортиментінен таңдау жасаңыздар, сондай-ақ Сіздер Алматы қаласы мен облыс бойынша жеткізілетін пішінді төсенішті көтерме және бөлшек бағамен арзанға сатып ала аласыздар, бар болғаны өздеріңізге қажетті позицияларды себетке қосып, біздің менеджерлерімізге өтінім жолдаңыздар немесе, пішінді төсеніштің қажетті өлшемін таңдай және санын көрсете отырып, интернет-дүкеніміз арқылы төлеулеріңізге болады, сондай-ақ Сіздер алғытөлем енгізіп, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларындағы қоймаларда қажетті көлемді брондауларыңызға болады. Бес тоннадан астам пішінді төсеніш пен металл прокатына өтінім берілген жағдайда, қала бойынша тегін жеткізіледі.

профнастил сталной

Болаттан жасалған пішінді төсеніш

Пішінді төсеніш — металды шебер өңдейтін білдектердің профильденген сапалы аунақшаларымен суықтай прокаттау (СИ болат) әдісімен, сондай-ақ коррозияға қарсы жабынның әр түрлі тәсілдерімен дайындалатын материал. Нақ осы қаттылық қырлары табақтың көлденең профилін айқындайды (сондықтан оны «пішінді табақ» деп атайды). Бүгінгі таңда пішінді төсеніш — тиімді, ұзақ пайдаланылатын және өте ыңғайлы құрылыс материалы. Пішінді төсенішке не тарақ түріндегі (трапеция сияқты), не толқындар түріндегі (бүкіл ұзындығы бойында) иілімдері бар мырышпен қапталған табақтық болат ретінде анықтама беріледі. Пішінді төсеніш өндірісінде әдетте мырышпен қапталған жұқа табақты болатты қолданады (МемСТ 14918-80).

Пішінді төсенішті Сіздер біздің қоймаларымыздан көтерме және бөлшек бағаға жеткізіліммен сатып ала аласыздар. Жеткізу шарт талаптарында, тікелей тапсырыс берушінің (клиенттің) межелі орнына дейін темір жол және автомобиль көлігімен жүзеге асырылады.

Форма заявки

Для получения индивидуального коммерческое предложения заполните форму



Пішінді төсеніш сипаттамасы және қолданылу аясы

Қоршаулар және әр түрлі аражабындар, мүмкін болатын қабырғалардың және қасбеттердің қапталуы — пішінді төсеніш пайдаланылатын жерлердің біраз бөлігі ғана. Оны тұрмыстық ғимараттар мен уақытша тұрақтардың, сондай-ақ үлкен өнеркәсіптік, өндірістік және сауда объектілерінің құрылысында қолданады. Пішінді төсеніштің орнатылуы жеңіл. Монтаждаудың күрделі емес және әбден қолжетімді болуы бұл материалдың маңызды артықшылығы болып есептеледі. Тіпті құрылыстан еш хабары жоқ адамның өзі, мысалы, аз ғана уақыт ішінде, барынша аз құралдармен пішінді төсеніштен саяжайға арналған қарапайым дуалды орната алады. Ал қанша мөлшерде пішінді төсеніш алу керектігін есептеуге біздің менеджеріміз көмектеседі. Пішінді төсеніш барлық жабындық материалдардың ішіндегі ең тозуға төзімдісі болып табылады. Ол ең жақсы пайдалану қасиеттерімен сипатталады: ол үшін коррозия қорқынышты емес, жоғары механикалық жүктемелерге төтеп береді, температура ауытқуларынан деформацияланбайды. Оның үстіне, пішінді төсеніш күнге оңбайды деуге болады. Өндірушілер әдетте 5 жылға дейін кепілдік береді, алайда шын мәнінде пайдалану мерзімі 50 жылға да жетуі мүмкін. Пішінді төсеніш — салмағы жеңіл материал. Мынадай екі себеп бойынша маңызды: біріншіден, пішінді төсеніштен жасалған жабынмен жұмыс істеу кезінде күш түсетін конструкциялық элементтерге жүктеме азаяды, бірақ беріктігі сақталады және, екіншіден, салмағының аз болуы есебінен тасымалдау процесі, сондай-ақ құрылыс объектісінде тиеу-түсіру жұмыстары жеңілдейді. Пішінді төсеніш — сәулетші немесе дизайншы үшін тамаша материал. Пішінді төсенішті пайдаланудың қаражатты үнемдеуге (20%-ға дейін) мүмкіндік беретіндігі есептелген. Өйткені жалпы құрылыс сметасынан осы соманы сіздер сақтап қала аласыздар. Басқа құрылыс материалдарымен салыстырғанда, пішінді төсеніштің бағасы тұрақты түрде төмен және демократиялық болып қалады. Қымбатқа түспейтін монтаждаудан жеке үнемдейтіндіктеріңізді де ұмытпаңыздар.