БОЛАТТАН, МЕТАЛДАН ЖАСАЛҒАН ТАБАҚ

Болаттан жасалған табақты компаниямыздың Алматы, Ақтау және Атырау қалаларындағы қоймаларынан және интернет-дүкенімізден жеткізіліммен сатып ала аласыздар. Болаттан жасалған табақты және металл прокатын жеткізу темір жол және автомобиль көлігімен жүзеге асырылады. Біздің сайтымызда танысуға болатын металдан жасалған табақтардың мол ассортиментінен таңдау жасаңыздар, сондай-ақ Сіздер Алматы қаласы мен облыс бойынша жеткізілетін табақты көтерме және бөлшек бағамен арзанға сатып ала аласыздар, бар болғаны өздеріңізге қажетті позицияларды себетке қосып, біздің менеджерлерімізге өтінім жолдаңыздар немесе, табақтардың қажетті өлшемін таңдай және санын көрсете отырып, өтінім жолдауларыңызға немесе интернет-дүкеніміз арқылы төлеулеріңізге болады, сондай-ақ Сіздер алғытөлем енгізіп, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларындағы қоймаларда қажетті көлемді брондауларыңызға болады.

лист стальной

Суықтай илемделген (с/и) табақ

Суықтай илемделген табақтық прокат профильденген табақты немесе қажетті конструкция мен конфигурациядағы басқа да өнімдерді суықтай қалыптау және дайындау үшін, сондай-ақ беттік сапасына жоғары талаптар қойылатын, дәлдігі жоғары күрделі техника мен бұйымдарды өндіру үшін пайдаланылады және өнеркәсіптің құрылыс, машина жасау, автомобиль жасау, ұшақ жасау, білдек жасау, жылу алмасу аппаратурасы мен химиялық аппаратураны жасау салаларында және көптеген басқа да салаларда қолданылады.

Ыстықтай илемделген (ы/и) табақ

Ыстықтай илемделген табақтық прокат шикізат әзірлемелерінен (қаңылтақтардан) жоғары температура әсерімен оларды алдын ала қыздыру және орнақ арқылы прокаттау арқылы өндіріледі. Алынған өнім қолдануға дайын болады. Ыстықтай илемделген табақтық прокаттың сұрыпталымы қалыңдығы 150 мм-ге дейінгі және одан асатын бұйымдарды қамтиды. Қыздырылған болат қысыммен жақсырақ өңделеді, сондықтан жұқа табақтарды дайындау мүмкін болады. Соңғылары жеңіл конструкцияларды қаптау және әр түрлі жеңіл бұйымдарды (ыдысты және т.б.) өндіру материалы ретінде қолданылады. Алынған табақтар рулондарға оралады немесе стандартты типтік өлшемдерге дейін кесіліп, сатуға қойылады.

Кедір-бұдырлы табақ

Кедір-бұдырлы табақ – жарты ғасырдан астам уақыттан бері адам әрекетінің әр түрлі салаларында жоғары сұранысқа ие болып келе жатқан табақтық металл прокатының бір түрі. Кедір-бұдырлы табақ – бетінде шығыңқы жерлері (бұдырлары) анық көрінетін бедері бар табақтық металл прокатының бір түрі. Бедерлеу нормативтік құжаттамаға сәйкес және МемСТ негізінде орындалады. Өнім қалыңдығы 2,5-12 мм көміртекті болаттан өндіріледі. Прокаттың ромб түріндегі суреті бар. Табақтың салмағы номиналды өлшемдеріне байланысты болады, ілеспе сертификаттарда 1 шаршы метрдің салмағы көрсетіледі. Өнімнің айрықшалықты ерекшеліктері – дайындалатын конструкциялардың қауіпсіздігі, тайғанауға қарсы жабыны, функционалдылығы. Кедір-бұдырлы табақ баспалдақ марштарын және басқыш негіздіктерін орнату үшін, кәсіпорындарда технологиялық жабдықты орнату аймағында қолданылады.

Болаттан жасалған, ыстықтай илемделген табақтық прокат

Болаттан жасалған, суықтай илемделген табақтық прокат

Форма заявки

Для получения индивидуального коммерческое предложения заполните форму



Ыстықтай илемделген табақтық прокат

Ыстықтай илемделген болат табақ – қолданылу аясының кеңдігімен ерекшеленетін әмбебап конструкциялық материал. Прокаттың осы түрін тұтынушылар машина жасау, көлік саласының кәсіпорындары, құрылыс ұйымдары, сондай-ақ жеке клиенттер болып табылады. Икемділігінің (физикалық және технологиялық) арқасында ыстықтай илемделген табақтар қалыңдығына қарай күш түсетін конструкциялардың негізгі элементі, сондай-ақ өңдеу материалы ретінде қолданылуы мүмкін.

Суықтай илемделген табақтық прокат

Суықтай илемделген болат табақ бұйымдарға сенімділік пен тозуға төзімділік беретін, сондай-ақ өңделуін жеңілдететін беріктігі мен икемділігінің үйлесімі арқасында кең қолданысқа ие. Табақтық, сондай-ақ рулондық, суықтай илемделген болат табақтың қолданылу аясы сан алуан. Ол дербес құрылыс материалы ретінде, сондай-ақ негізінен профильденген (пішінді төсеніш және т.б.) және перфорацияланған табақтарды, соның ішінде мырышпен қапталған және полимер жабынды табақтарды өндіру үшін әрі қарай өңдеуге арналған аралық материал ретінде пайдаланылады.