АЛМАТЫДАҒЫ БОЛАТТАН ЖАСАЛҒАН АРМАТУРА

АЛМАТЫДА АРМАТУРА САТУ ЖӘНЕ ЖЕТКІЗУ

Сіздер А3 арматурасын компаниямыздың Алматы, Ақтау және Атырау қалаларындағы қоймаларынан ғана емес, сонымен қатар, біздің интернет-дүкенімізден де сатып ала аласыздар, біздің сайтымызда танысуға болатын арматураның мол ассортиментінен таңдау жасаңыздар. Сондай-ақ сіздер Алматы қаласы мен облыс бойынша жеткізілетін арматураны көтерме және бөлшек бағамен арзанға сатып ала аласыздар, бар болғаны өздеріңізге қажетті позицияларды себетке қосып, біздің менеджерлерімізге өтінім жолдаңыздар немесе, төлем тәсілін таңдай отырып, алғытөлем енгізулеріңізге және Алматы, Ақтау, Атырау қалаларындағы қоймаларда қажетті көлемді брондауларыңызға болады.

Кезеңдік профильдегі А3 арматурасы, МемСТ 5781-82, 35ГС және А500с маркалы болат

АIII арматурасы беті кедір-бұдырланған, дөңгелек қималы болат профиль болып табылады. Қазіргі таңда нарықта ұсынылатын кезеңдік профильдегі арматуралық прокат болатының кластары мен маркаларының негізгі түрлері: - МемСТ 5781-82 сәйкес, 35ГС маркалы болаттың АIII (А400) класы; - ТШ 14-1-5580-2009 бойынша Ст3СП, Ст5сп, Ст3пс, Ст5пс маркалы болаттан жасалатын А400С және А 500С класындағы нығайтылған құрылыс арматурасы.

(А3, А1, 35Гс, А500С) арматурасын Сіздер біздің қоймаларымыздан көтерме және бөлшек бағаға жеткізіліммен сатып ала аласыздар.

Жеткізу шарт талаптарында, тікелей тапсырыс берушінің (клиенттің) межелі орнына дейін темір жол және автомобиль көлігімен жүзеге асырылады.

Форма заявки

Для получения индивидуального коммерческое предложения заполните форму



35ГС класындағы арматура – бетіндегі біркелкі көлденең дөңестері өзектің бойлық осіне қатысты көлбеу орналасқан металл өзек. 35ГС арматурасы қаттылық беруге және бетонмен неғұрлым жақсы ұстасуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ жол жабынын арматуралауға арналған.

35ГС маркалы болат дәнекерленетін конструкцияларға арналған төмен қоспаланған конструкциялық болат болып табылады. 35ГС класындағы құрылыс арматурасының қолданылу аясы өте кең. Жоғары сапасы мен кең таралуы, егер бұл жобалық құжаттамада ұйғарылған болса, оның өнеркәсіп пен құрылыстың барлық салаларында қолданылуына мүмкіндік береді.

35ГС маркалы болаттан жасалған АІІІ арматурасының өндірісі және қолданылуы. 35ГС арматурасы МемСТ 5781-82 сәйкес, қоспалауыш элементтерді қоса отырып, 35 ГС маркалы төмен қоспаланған конструкциялық болаттан жасалады. 35 ГС маркалы болат үшін қоспалауыш элементтер ретінде марганец пен кремний қолданылады. Бұл болатты қолдану 35ГС арматурасын темір-бетон конструкцияларының жауапты элементтерінде, соның ішінде нормалар бойынша шектеулі дәнекерленетін алдын ала кернеуленген элементтерде қолдануға мүмкіндік береді.

А500С класындағы арматура 3-ші маркалы болаттан жасалады және неғұрлым жоғары беріктік класын қамтамасыз ету үшін термиялық жолмен қосымша нығайтылады.

Көптеген еуропалық елдер кәдімгі темір-бетонда аққыштық шегі ≥ 500 Н/мм² жоғары болат арматураны қолдануға толық көшті. Шетелдік деректерге сүйенсек, А400 класындағы арматураның орнына А500 класындағы құрылыс арматурасын қолдану құрылыста болаттың 10%-ға дейін және одан жоғары үнемделуін қамтамасыз етеді.

Техникалық сипаттамалар және пайдалы мәліметтер

Темір-бетон конструкцияларды арматуралауға арналған ыстықтай илемделген болат немесе жай ғана А500С арматурасы байламмен және шыбықтармен шығарылады және МемСТ Р 52544-2006, ҰСТ ҚМСҚ 7-93, ТШ 14-1-5254-94, ТШ 14-1-5580-2009 сәйкес келуі тиіс.

ҰСТ ҚМСҚ 7-93 сәйкес дұрыс атауы: Арматуралық болаттан жасалған кезеңдік профильдегі прокат.

Арматура механикалық қасиеттеріне және кезеңдік профиль «өрнегіне» қарай АII (А300), АIII (А400), АIV (А600) және АV (А800) кластарына бөлінеді. Бұдан басқа, соңғы жылдары МемСТ 5781-82 бойынша баламасы жоқ, сондықтан өндірушілер техникалық шарттар (ТШ) немесе қара металлургия өнімдерін стандарттау жөніндегі кәсіпорындар қауымдастығының стандарты болып табылатын ҰСТ ҚМСҚ 7-93 бойынша шығаратын А500С класындағы арматура кеңінен қолданыла бастады.

Атауының өзі айтып тұрғандай, А500С арматурасы негізінен темір-бетон конструкциялар мен бұйымдарды арматуралау үшін қолданылады. Алайда кейде Кезеңдік профильдегі арматураны жабынды, сондай-ақ жабынсыз кейбір металл бұйымдары мен металл конструкцияларын: болаттан жасалған өрт баспалдақтарын, дуалдарды, еден, терезе және есік торларын жасау кезінде қолданады. Осылайша, кезеңдік профиль сәндік функцияларды және тайғанауды болдырмау функцияларын (баспалдақтар, еден торлары) атқарады.