ТЕГІС, ВР, СОЗЫЛҒАН ЖӘНЕ ОРАМДАЛҒАН СОЗБА СЫМ

Созба сымды компаниямыздың Алматы, Ақтау және Атырау қалаларындағы қоймаларынан және интернет-дүкенімізден жеткізіліммен сатып ала аласыздар. Созылған, орамдалған созба сымды және металл прокатын жеткізу темір жол және автомобиль көлігімен жүзеге асырылады. Біздің сайтымызда танысуға болатын созба сымның мол ассортиментінен таңдау жасаңыздар, сондай-ақ Сіздер Алматы қаласы мен облыс бойынша жеткізілетін созба сымды көтерме және бөлшек бағамен арзанға сатып ала аласыздар, бар болғаны өздеріңізге қажетті позицияларды себетке қосып, біздің менеджерлерімізге өтінім жолдаңыздар немесе, созба сымның (сымның) қажетті диаметрін таңдай және санын көрсете отырып, өтінім жолдауларыңызға немесе интернет-дүкеніміз арқылы төлеулеріңізге болады, сондай-ақ Сіздер алғытөлем енгізіп, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларындағы қоймаларда қажетті көлемді брондауларыңызға болады.

катанку

Алматыда созба сымды Сіздер көтерме және бөлшек бағамен қоймаларымыздан және сайтымыздан жеткізіліммен сатып ала аласыздар.

Катанка

Металдан жасалған созба сым

Созба сым (болаттан жасалған сым) – 10 мм-ге дейін қоса алғандағы диаметрде жасалатын, дөңгелек қималы, ыстықтай илемделген сұрыптық металл прокаты. Тұтастай алынған бір сым кесіндісінен тұратын орамдармен шығарылады.

Өтінім нысаны

Жеке коммерциялық ұсынысты алу үшін нысанды толтырыңыз



Болаттан жасалған созба сым

Созба сым сым тартуда, буып-түюде, дәнекерлеу сымы мен электродтарды өндіруде, құрылыс арқандарын өндіруде, телеграф сымын жасауда, темір жол конструкцияларын жасау кезінде арматуралайтын құрылым ретінде және т.б. қолданылады. Созба сым өндірісінде тотықсыздандырудың барлық СТ0, СТ1, СТ2, СТ3 дәрежелеріндегі, көміртектік қасиетке ие болат пайдаланылады. Металл торлар мен шарбақтарды жасауда, сондай-ақ құрылыс арматурасы ретінде кеңінен қолданылады. Созба сым сым тартуда пайдаланылады. Шағын диаметрдегі созба сым әр түрлі тауарларды буып-түюде, дәнекерлеу сымы мен электродтарды өндіруде, құрылыс арқандарын өндіруде және көптеген басқа да мақсаттарда қолданылады. Болаттан жасалған созба сым сымдар мен кабельдердің құрамына кіреді, әр түрлі металл бұйымдар мен конструкцияларға арналған материал болып табылады. Электр-техникалық жұмыстарды жүргізу кезінде Мырышталған созба сым пайдаланылады. Созба сым — сым жасауға арналған арнайы орнақта ыстықтай прокаттау арқылы, диаметрі 5-10 мм шыбық түрінде жасалған тұтқыр материал (көбінесе металл) пішіні. Кейіннен сым мен темір-бетон арматурасын жасау үшін дайындалған әзірлеме болып табылады. Болаттан жасалған созба сым өндіру былайша жүзеге асырылады: Алдын ала қыздырылған әзірлемені прокаттау орнағының біліктерімен сығымдап, қажетті диаметрдегі сымды жасайды. Бұдан әрі дайын созба сымды әрі қарай салқындату үшін дөңгелектеп жинайды. Мұндай қалыптауды ыстық қалыптау деп, ал созба сымды ыстықтай илемделген сым деп атайды. Созба сымның бағасы оның диаметрі мен болаттың маркасына байланысты болады. Өндірістік процестердің қиындауына байланысты созба сымды өндіруде 5 мм созба сым – ең қымбаты, ал 8 мм созба сым ең арзаны болып табылады. Қоспалауыш элементтерді (марганецті) қосқан кезде бұйымның химиялық және механикалық қасиеттері жақсарады. Болаттан жасалған созба сымды арматура, тор өндірісінде, темір-бетон бұйымдарды арматуралау үшін пайдаланады.