БОЛАТТАН ЖАСАЛҒАН КС, ВР СЫМЫ

Болаттан жасалған сымды компаниямыздың Алматы, Ақтау және Атырау қалаларындағы қоймаларынан және металл прокаты интернет-дүкенімізден жеткізіліммен сатып ала аласыздар. Болаттан жасалған сымды және металл прокатын жеткізу темір жол және автомобиль көлігімен жүзеге асырылады. Біздің сайтымызда танысуға болатын сымдардың мол ассортиментінен таңдау жасаңыздар, сондай-ақ Сіздер Алматы қаласы мен облыс бойынша жеткізілетін сымды көтерме және бөлшек бағамен арзанға сатып ала аласыздар, бар болғаны өздеріңізге қажетті позицияларды себетке қосып, біздің менеджерлерімізге өтінім жолдаңыздар немесе, сымның қажетті өлшемін таңдай және санын көрсете отырып, интернет-дүкеніміз арқылы төлеулеріңізге болады, сондай-ақ Сіздер алғытөлем енгізіп, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларындағы қоймаларда қажетті көлемді брондауларыңызға болады.

проволока стальная

Сым түрлері – Сымның екі түрі бар: ВР және КС. Соңғы таңбалама бұйымның стандартты сапада екендігін білдіреді. Мұндай материал өнеркәсіптік мақсаттарда пайдаланылады. ВР өз кезегінде екі түрге бөлінеді: 1 және 2. Вр-1 – суықтай созылған төмен көміртекті болаттан жасалған сым. Вр-2 – суықтай созылған, бірақ көміртекті болат. Вр-2 алдын ала кернеуленген темір-бетон конструкцияларды арматуралауға арналған. Әрқайсысы МемСТ сәйкес дайындалады.

Форма заявки

Для получения индивидуального коммерческое предложения заполните форму



КС сымы:
КС сымы деп жалпы мақсатта қолданылатын төмен көміртекті болат сымды атайды. Мұндай сым түрі МемСТ 3282-74 бойынша дайындалады. Сымның атауындағы КС әріптері аббревиатура болып табылады және Кәдімгі сапа дегенді білдіреді. Оны өндіру материалы болаттан жасалған созба сым болып табылады. КС сымы осы жартылай дайын өнімнен көп реттік созу әдісімен жасалады. Бұл сым түрі шағын диаметрлі (10 мм-ге дейінгі) профильдің көлденең енінде дөңгелек қималы болады және негізінен әр түрлі металл бұйымдары өнімдерін жасау мақсатында әрі қарай өңдеуге арналады. Оны байланыстырушы материал ретінде де, мысалы, металл прокатының орамдарын қалыптастыру кезінде пайдаланады. Мұндай сымнан көбінесе әр түрлі торлы қоршаулар жасайды. КС сымының әр түрлі түрлері бар. Осындай түрлердің біріне термиялық тұрғыдан өңделмеген сым жатады және ол әдетте т/ө деп белгіленеді. Мұндай сым түріне үзілуге уақытша кедергісінің жоғары көрсеткіштері, сондай-ақ жоғары созылымдылық тән. Мысал ретінде мына дәлелді келтіруге болады. Диаметрі 0,5 мм-ден 6,0 мм-ге дейінгі т/ө сым аса қатты бұзылмастан кем дегенде 4 майыстыруға төзе алады. Вр сымы МемСТ 6727-80 бойынша Вр-1 сымы — әр түрлі құрылыстарды салу кезінде бетонмен құю үшін қаңқалардағы арматураны байлау мақсатында қолданылатын кезеңдік профильдегі сым. Арматуралауға арналған сым суықтай созылған төмен көміртекті болаттан жасалған созба сымнан дайындалады және МемСТ 7348 сәйкес келуі тиіс. Қолданылу мақсаты: Арматуралық сым жалпы мақсатта қолданылатын сымдар түріне жатады, арматураланған темір-бетон бұйымдарында, сондай-ақ арматуралауда және кірпіш қалау өндірісінде, іргетастарды, аражабындарды бетондауда қолданылады. Мұндай сыммен жол жабынын, бетоннан жасалған дуалдардың бөліктерін арматуралайды, сылақ жұмыстары кезінде қолданады. Бұл сымды түйіспелік нүктелік электрмен дәнекерленетін металл конструкцияларының дәнекерленетін қаңқаларын жасау кезінде пайдаланады.