БОЛАТТАН, МЕТАЛДАН ЖАСАЛҒАН ШЕҢБЕР

Болаттан жасалған шеңберді компаниямыздың Алматы, Ақтау және Атырау қалаларындағы қоймаларынан және интернет-дүкенімізден жеткізіліммен сатып ала аласыздар. Болаттан жасалған шеңберді және металл прокатын жеткізу темір жол және автомобиль көлігімен жүзеге асырылады. Біздің сайтымызда танысуға болатын металдан жасалған шеңберлердің мол ассортиментінен таңдау жасаңыздар, сондай-ақ Сіздер Алматы қаласы мен облыс бойынша жеткізілетін шеңберді көтерме және бөлшек бағамен арзанға сатып ала аласыздар, бар болғаны өздеріңізге қажетті позицияларды себетке қосып, біздің менеджерлерімізге өтінім жолдаңыздар немесе, шеңбердің қажетті диаметрін таңдай және санын көрсете отырып, интернет-дүкеніміз арқылы төлеулеріңізге болады, сондай-ақ Сіздер алғытөлем енгізіп, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларындағы қоймаларда қажетті көлемді брондауларыңызға болады.

круг стальной

Алматыда шеңберді Сіздер көтерме және бөлшек бағамен қоймаларымыздан және сайтымыздан жеткізіліммен сатып ала аласыздар.

Болаттан жасалған, ыстықтай илемделген, дөңгелек пішінді прокат

Болаттан жасалған шеңбер – сұрыптық металл прокатының қолданылу аясы кең түрі. Ол дербес материал немесе металл өнімдерін дайындауға арналған әзірлеме ретінде пайдаланылатын, дөңгелек қималы жуан өзек болып табылады. Ыстықтай илемделген сұрыптық металл прокаты, дөңгелек қималы профиль.

Өтінім нысаны

Жеке коммерциялық ұсынысты алу үшін нысанды толтырыңыз



Калибрленген шеңбер

Болаттан жасалған, ыстықтай илемделген, дөңгелек пішінді прокат Металл шеңбер болаттың әр түрлі сұрыптары мен өңдеу әдістерін пайдалана отырып жасалады. Қалыптау барысында болаттан жасалған әзірлеме белгілі бір өлшемдегі цилиндрлік өзек пішініне келтіріледі. Дайын шеңбердің диаметрі 5 мм-ден 200 мм-ге дейін құрауы мүмкін. Жеке сұраныс бойынша қимасының ені 270-300 мм-ге дейінгі стандартты емес өлшемдегі прокат дайындалады.

Болат шеңбер мына параметрлер бойынша түрлерге бөлінеді:

Ұзындық
Бұл параметр бойынша материал өлшемді, еселік өлшемді және өлшемсіз ұзындықта болуы мүмкін. Шыбықтың өлшемі – 12 м-ге, ал сым шеңбердің өлшемі бірнеше ондаған метрге жетеді.

Шикізат түрі
Болат шеңбер кәдімгі көміртекті болаттан, сондай-ақ төмен қоспаланған, қоспалы, автоматтық, конструкциялық және басқа да сұрыптардағы болаттан жасалады.

Дәлдік
Бұл параметр бойынша металл өзектер кәдімгі, жоғары және аса жоғары сапалы болуы мүмкін.

Жіңішке шеңберлер (9 мм-ге дейінгі) – орамдармен, жуанырақтары шыбықтармен жеткізіледі.

Ыстықтай илемделген шеңбер. Өнім МемСТ 2590-88 стандарттарына сәйкес, дәлдігі жоғары жабдықта ыстықтай илемдеу әдісімен өндіріледі. Шикізат ретінде болаттың барлық қолжетімді түрлері қолданылады. Алдымен әзірлеме белгілі бір температураға дейін қыздырылады, содан соң біліктермен қалыпталады және салқындатылады.

Мұндай шеңбер құрылыс саласында жоғары сұранысқа ие.

Калибрленген. Прокат алдын ала қыздырылып, арнайы білдектерде қалыпталып және тегістеу мен жылтыратуды қамтитын түпкілікті міндетті өңдеуден өткізіліп, МемСТ 7417-75 сәйкес өндіріледі. Мұндай шеңберлердің беті тегіс және жылтыр болады. Көбінесе олар дәлдігі жоғары бөлшектер мен сәндік элементтерді дайындауда қолданылады. Конструкциялық. МемСТ 10702-78 сәйкес ыстықтай прокаттау әдісімен жасалады. Негізгі ерекшелігі – шикізат түрі, шикізат ретінде конструкциялық болат пайдаланылады. Бұл материал дайын прокатқа ерекше физикалық қасиеттер береді. Мұндай шеңберлер күрделі жағдайларда пайдаланылатын әр түрлі конструкцияларды жасау үшін қолданылады.

ҚОЛДАНУ НҰСҚАЛАРЫ

Болат шеңбер әр түрлі өндірістік салаларда белсенді қолданылады. Металл прокатының бұл түрі әр түрлі: дәнекерленген, серіппелі, бұрандалы, тойтармалы және т.б. конструкцияларды дайындауда аса жоғары сұранысқа ие.

Бұл материал сондай-ақ мына мақсаттарда жарамды:
автомобиль және машина жасауға арналған бөлшектерді дайындау;
бетон конструкциялар мен басқа да бұйымдарды арматуралау;
жиһаз фурнитурасы мен бекіткіштерін өндіру;